Accessibility links

Иранда оппозициялық газет жабылды


Иранда реформашыл бағыттағы "Хайат-э Но" газеті жабылды деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

Газет баспасөз туралы ережелерді бұзған делініп отыр. Нақты қандай заң бұзушылық болғаны айтылмайды.

"Хайат-э Но" оппозиция көсемі Мирхоссейн Мусавиді қолдайтын Теһрандағы бірегей реформашыл газет еді.

Газеттің жабылуы туралы хабар ел астанасында оппозицияның шерулері тарқатылған сәтте жарияланып отыр.
XS
SM
MD
LG