Accessibility links

Украина премьері Тимошенко Германияға барады


Бүгін Украина премьер-министрі Юлия Тимошенко Германияға сапармен барады.

Ол Германия канцлері Ангела Меркелмен келіссөздер өткізбекші. Келіссөздер Украина мен Еуро Одақ арасындағы байланыстар турасында өтеді.

Тимошенконың сапары Еуропа Одағының президенті Жозе Мануэль Баррозу Украина еуропалық интеграция бойынша саяси бірлігін көбірек көрсетуі керек деген соң болып отыр.

Және Баррозу өткен аптада Киевте өткен Еуропа Одағы мен Украина саммитінде газ тасымалында екіжақты байланыстарды алға жылжытатындай көбірек ашық болуға шақырған.
XS
SM
MD
LG