Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдардан 127 адам қаза тапты


Бүгін Ирақта орын алған бірқатар шабуылдардан 127 адам қаза тауып, 400-ден аса кісі жарақат алды.

Хабарларға қарағанда, Ирақ астанасында бес бірдей жарылыс болып, оның үшеуі көлікке қойылған үлкен бомба жарылысы болды.

Полицияның айтуынша, алыстан басқарылған бомба жарылыстары бірінен кейін бірі іске қосылған. Шабуылдардың бірі полиция бекетін нысанаға алған. Қалғандары қатарында екі министрлік бар үкіметтік мекемлерді жарған.

Бұл қарашаның 25-де 155 адамның өмірін қиған Бағдадтағы бомба жарылысынан бергі өте үлкен бомбалар болды.

Ирақ ресмилері мен АҚШ әскерилері ақпан айында өтетін жалпы сайлаулар алдында шабуылдар көбейіп отырғанын ескертті.
XS
SM
MD
LG