Accessibility links

Пермь әкімшілігі отставкаға кетті


Ресейдегі Пермь қаласының әкімшілігі отставкаға кетті. Өткен аптада бұл қаладағы түнгі клубта шыққан өрттің құрбандары 123-ке жетіп отыр. Жүзден астам адам ауруханада жатыр.

Премьер-министр Владимир Путин Пермь қаласына барып, өрт жемқорлық пен немқұрайдылық салдарынан болды деп мәлімдеді. Путиннің сейсенбі күнгі бұл мәлімдемесінен кейін Пермдегі жергілікті өрт сөндіруші қызметінің басшысы мен оның орынбасарлары қызметтерінен алынды.

Полиция "Ақсақ ат" клубының иелерін қамауға алды.
XS
SM
MD
LG