Accessibility links

Медведев ЕҚЫҰ саммитін Астанада өткізу туралы ұсынысты қолдады


Ресей президенті Дмитрий Медведев Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін Астанада өткізу туралы ұсынысын қолдады. Сәрсенбі күні Мәскеуде Еуропалық және еуроазиялық бұқаралық ақпарат құралдарының форумында сөйлеген сөзінде Медведев Қазақстанның бұл идеясы өте пайдалы болар еді деп атап көрсетті.

Медведевтің мәлімдеуінше, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қауіпсіздік мәселелерінің барлығын қамтымайды. Медведев еуропалық қауіпсіздік туралы келісім жасау туралы өзінің идеясы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталатындығын жеткізді. ОНың алдында Қазақстан жағы Медведевтің бұл идеясына қолдау танытып, "ЕҚЫҰ қауіпсіздігінің жаңа сәулетін" Астанада талқылауды ұсынған болатын.
XS
SM
MD
LG