Accessibility links

Amnesty International: Нигерия полициясы күдіктілерді заңсыз өлтіреді


Amnesty International ұйымы Нигерия полициясы жыл сайын жүздеген күдікті қылмыскерлерді заңсыз өлтіреді деп айыптады. Лондонда орналасқан бұл топтың айтуынша, көптеген жағдайда тергеу жүргізілмейді және оларға қатысты ешкім жазаланбайды.

Адам құқықтарын қорғаушы бұл топтың баяндамасы заңгерлер мен сот жүйесіндегілер және жергілікті құқық қорғаушы топтармен сондай-ақ полиция абақтысында жоғалып кеткендердің туыстарымен жүргізген сұхбатта айтылған дәлелдерге негізделген.
XS
SM
MD
LG