Accessibility links

Алматы облыстық соты «Жовтис ісі» бойынша шағымды қараудан бас тартты


Талдықорған қаласында орналасқан Алматы облыстық сотының бақылау инстанциясы «Жовтис ісі» бойынша шағымды қараудан бас тартты. Бұл туралы Азаттық радиосына адвокат Виталий Воронов хабарлады.

Бұған дейін Жовтисті жақтау штабы облыстық соттың бақылау инстанциясы арызды қарамаған жағдайда БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитетке шағым түсіретіндігін мәлімдеген болатын.

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның басшысы Евгений Жовтис көлік жүргізу кезінде адам өліміне әкелген жол апаты бойынша айыпты деп табылып, 4 жылға сотталды. Қазір ол Өскемен абақтысында отыр.
XS
SM
MD
LG