Accessibility links

Түркмен-Қытай газ құбыры таяуда іске қосылмақ


Қытайдың жоғары лауазымды ресми өкілінің мәлімдеуінше, Түркменстан мен Қытайды байланыстыратын табиғи газ құбыры таяу арада іске қосылмақ. 1833 шақырымдық құбыр Өзбекстан мен Қазақстан арқылы өтіп, Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағына жетпек.

Қытай президенті Ху Цзиньтао осы аптада Түркменстанға сапар жасап, құбырдың тұсаукесеріне қатысады деп хабарланып отыр. Оған сондай-ақ Түркменстан мен Өзбекстан және Қазақстан жетекшілері қатысады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG