Accessibility links

Өлтірілген ингушетиялық белсенді адам құқықтары сыйлығымен марапатталды


АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқықтары бойынша осы жылғы сыйлығы ингушетиялық адам құқын қорғаушы белсендісі марқұм Макшарип Аушевке берілді деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі. Оппозициялық ingushetia.ru вебсайтының негізін қалаған 43 жасар Аушев ақпанның 25-де Нальчик каласының жанында өлтірілген болатын. Оның вебсайтында Ресейдің тынышсыз Солтүстік Кавказ аймағындағы адамдардың өлтірілуі мен ұрлануы оқиғалары және адам құқықтарының бұзылып жатқандығы туралы хабарлар берілетін.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Солтүстік Кавказдағы адам құқықтары жағдайын көтерген Аушев батырлық көрсеткен.
XS
SM
MD
LG