Accessibility links

Тәжік полициясы әкімге жасалуы тиіс қастандықтың алдын алғанын айтты


Тәжікстан ресмилері Турсунзаде қаласының әкіміне жасалмақшы болған қастандықтың алдын-алғанын хабарлап отыр. Полицияның мәліметінше, үкіметке қарсы топтың мүшесі деп күдіктелген бір адам қамауға алынған. Өзбекстаннан елге заңсыз кірген бұл азаматқа Турсунзаде әкімінің көлігін жарып жібермекші болды деген айыптар тағылып отыр.

Билік орындарының айтуынша, тұтқындалған азаматтан жарылғыш заттар табылған.
XS
SM
MD
LG