Күрд бүлікшілері 7 түрік сарбазының өліміне байланысты жауапкершілікті өз мойнына алды. «Фират» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы аптада Түркияның солтүстігіндегі Токат өлкесінде шабуылдарды Күрдістан жұмысшылары партиясының жауынгерлері ұйымдастырған. Бұл хабар тәуелсіз түрде расталмады.