Accessibility links

АҚШ-тың 16 мың сарбазы Ауғанстанға бару туралы бұйрық алды


Американдық 16 мың сарбаздың қолына Ауғанстанға бару туралы бұйрық тапсырылды.

АҚШ Қарулы күштері штабының бірлескен комитет басшысы Майкл Маллен қосымша жолданғалы жатқан 30 мыңдық әскердің алғашқы бөлігі – теңіз жаяу әскерінің батальоны – келесі аптада-ақ Ауғанстанның оңтүстігіне аттанады.

Бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама әскерді Ауғанстаннан 2011 жылдың шілдесінен бастап шығара бастау туралы ойынан таймайтындығын мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG