Accessibility links

Сенат мәдениет туралы заңды мәжіліске қайтарып, терроризм туралы жобаны мақұлдады


Қазақстан парламенті сенатының депутаттары, жұма күнгі жалпы отырыста, «Мәдениет туралы» заңға өзгертулер мен түзетулерді қарастыратын жобаны мәжіліске қайтарды. Бұл әрекетін сенат отандық кино, мұражай және кітапхана ісін дамыту тарауын жетілдіру қажеттілігімен түсіндірді.

Сондай-ақ, сенаторлар бұл күні терроризмге қарсы күрес туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қазақстан заңдарына өзгерістер мен толықтыруларды қарастыратын бұл құжат жобасы террорлық қылмысты жасағандарды мерзімдік уақыты өтіп кеткендігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тыйым салуды көздейді.
XS
SM
MD
LG