Accessibility links

Пхеньян ядролық мәселеге қатысты ұстанымын Вашингтонмен сәйкестендіргісі келеді


Солтүстік Корея билігі, АҚШ-тың Пхеньянға арнайы жіберген өкілі Стив Босуортпен үш күндік келіссөздерінен кейін, ядролық мәселеге қатысты ұстанымын Вашингтонмен сәйкестендіргісі келетіндігін мәлімдеді.

Солтүстік Кореяның ақпарат агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, Пхеньян ядролық бағдарлама бойынша алты жақты келіссөздерді жалғастыру қажеттілігіне қатысты мәселеде Вашингтонмен «өзара түсіністік тапты».

КХДР халықаралық келіссөздерді сәуір айында тоқтатты, содан кейінгі уақытта Пхеньян ядролық және бірнеше мәрте зымыран сынақтарын өткізді.
XS
SM
MD
LG