Accessibility links

АҚШ қорғаныс министрі Ирақ премьерімен кездесті


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс бүгін Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликимен кездесті. Бейсенбі күні Гейтс Ирақ президенті Жалал Талабанимен келіссөз өткізген болатын.

Гейтсың Бағдадқа сапарының алдында осы аптада ел астанасында қатарынан бірнеше жарылыс орын алып, шамамен 130 адам қаза тапты. Сейсенбі күнгі бұл шабуылдарға байланысты жауапкершілікті Әл-Қаидамен байланысы бар "Ирақ ислам мемлекеті" тобы өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG