Accessibility links

Кәрім Мәсімов Цзян Цземинді қабылдады


Сенбі күні Астанадағы Үкімет үйінде Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қытайдың ұлттық мұнай-газ компаниясының (CNPC) президенті Цзян Цземинді қабылдады. Ол туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз-қызметі хабарлады.

Кездесу барысында отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық пен инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асырудың кейбір өзекті мәселесі, оның ішінде 2010 жылы «Бейнеу-Бозой» газ құбырының екінші тармағының құрысын бастау қажеттігі сөз болды.

К.Мәсімов Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясының бастамаларын негізінен құптап, екі елге де пайдалы жобалардың жүзеге асырылуына Қазақстанның мүдделі екенін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG