Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республиканың азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне қатысты бірқатар заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойып бекітті.
Одан бұрын Қазақстанның ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев хабарлағандай, бұл заңда бүкіл әлемдегі азын-түлік қауіпсіздігінің ахуалы ескеріле отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ұлттық қауіпсіздікті жетілдіру аясында қарастырылған.
Атап айтқанда, астықтың мемлекеттік қорын жинау мен сақтау, дәнді дақыл, оның ішінде бидай өсіретін егін алқабының көлемін белгілеу туралы тарауларға түзетулер енгізілді.
Заңның толық мәтіні ресми басылымдарда жарияланады.