Accessibility links

Тони Блэр: Ираққа қарсы соғыс бәрібір басталар еді


Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Ирақта жойқын қарудың ешбір ізінің табылмауына қарамастан, Ираққа басып кірген соғысқа ағылшын әскерін де жұмылдыру туралы өзінің шешімін дұрыс деп есептейді.

Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Т.Блэр егер жойқын қарудың жоқтығы өзіне мәлім болған күнде де, Ираққа басып кіруге басқа сылтау табылар еді деп мәлімдеді.

Экс-премьердің сөзіне қарағанда, өз азаматтарына қарсы химиялық қаруды қолданған Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеин осы аймаққа төнген қатер болатын.

Алдағы жылы Ұлыбританияның Ираққа қарсы соғысқа қатысуын тергейтін тәуелсіз комитеттің ашық тыңдауында Т.Блэрден жауап алынуға тиіс.
XS
SM
MD
LG