Accessibility links

Пәкістан тәліптерге басқа ауданда соққы бермекші


Пәкістан армиясы Оңтүстік Вазиристан өлкесіндегі тәліптерге қарсы соғыс операциясын аяқтады. Пәкістанның премьер-министрі Юсуф Раза Гилани осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, Пәкістан үкіметі қазір Ауғанстан шекарасы бойындағы өзге - Оракзай өлкесінде соғыс операциясын өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Пәкістандағы тәліптердің көсемі Хакимулла Мехсудтың негізгі бекінісі осы ауданда орналасқан деп есептеледі және үкімет армиясының Оңтүстік Вазиристандағы соққысынан қашқан тәліптердің көпшілігі дәл сол ауданды паналады.
XS
SM
MD
LG