Accessibility links

Сепаратистік Абхазияда президент сайлауы басталды


Сенбі күні Грузиядан бөлінген Абхазияда республикасында жаңа президент сайлауы басталды.

Президент лауазымына 5 үміткер, оның ішінде қазіргі президент Сергей Багапш түсіп жатыр. Абхаз сыртқы істер министрі Сергей Шамбаның айтуынша, сайлау барысын 83 халықаралық бақылаушы қадағалайды.

Оның алдында Абхазияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Батал Тапагуа сайлау науқаны барысында заң бұзушылық болғанын теріске шығарды.

Екі үміткер – экс-вице-президент Рауль Хаджимба мен «Абхазияның теңіз қатынасы» мемлекеттік компаниясының директоры Заур Ардзимба сайлаушылардың тізімдері мен дауыс беру бюллетендерінің бұрмаланғанын айтып сайлау комиссиясына шағымданған болатын.
XS
SM
MD
LG