Accessibility links

Әлем Антарктиданы қамқорлығына алады


Дүниежүзілік қауымдастық Антарктиданы қорғау шарасын қарастыру үстінде.

Антарктида туралы келісімге қатысатын 50-ге жуық елдің өкілдері Жаңа Зеландияда бас қосып, мұзды құрлықты қоршаған мұхит суындағы кеме қатынасының ережесін қатаңдатуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

Оның ішінде осы өңірдегі туристік серуендерді қысқарту көзделіп отыр. Сырты арнайы қапталып бекітілмеген кемелердің Антарктидаға жақындауына тосқауыл қойылмақшы. Сондай-ақ Антарктиданың теңіз суындағы кемелердің пайдалатын отын түрлерін де шектеу қарастырылады.

Антарктика – жер шарындағы ең сезімтал экологиялық жүйенің бірі болып табылады.
XS
SM
MD
LG