Accessibility links

Назарбаев пен Цзиньтао Ашхабадқа барады


Жексенбі күні Қазақстан, Қытай және Өзбекстан президенттері жұмыс сапарымен Түркіменстанға келеді.

Дүйсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев, Ху Цзиньтао және Ислам Кәрімов жылына Қытайға 40 миллиард текше метр көгілдір отын тасымалдайтын «Түркіменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырын іске қосу салтанатына қатысады.

Ал жексенбі күні аталған үш мемлекеттің басшылары Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен келіссөз өткізіп, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сенбі күні Қытай премьері Ху Цзиньтао Астанада болып, аталған газ құбырының бірінші тармағын іске қосу рәсіміне қатысты.
XS
SM
MD
LG