Accessibility links

Обама мен Медведев өзара телефонмен сөйлесті


Ақ үйдің ресми өкілі хабарлағандай, өткен сенбі күні АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев стратегиялық ядролық қару туралы мерзімі өткен келісім бойынша келіссөзді әңгіме етті.

Обама әкімшілігі өкілінің хабарлауынша, келіссөз тақырыбын президенттер телефон арқылы талқылады. Бірақ ол болған әңгіменің басқа жай-жапсарын хабарламады.

Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту туралы бұрынғы келісім 5 желтоқсан күні күшін жойды. Ақ үй мен Кремль екі жақтың да ядролық қаруын одан әрі қысқарту туралы жаңа келісімге келуге уағдаласты.

Осы аптада Ақ үйдің баспасөз-хатшысы Роберт Гиббс мәлімдегендей, келіссөз жемісті өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG