Accessibility links

Ағылшын премьері Ауғанстанға ұшып барды


Жексенбі күні ағылшын премьер-министрі Гордон Браун күтпеген жерден Ауғанстанға сапармен ұшып келіп, оның барысында ауған президенті Хамид Қарзайға жолықты.

Кандагардың әуе жайында Г.Браун журналистерге АҚШ-тың да, оның одақтастарының да тәліптерге қарсы күштерін ұлғайтуына байланысты Ауғанстандағы алдағы бірнеше ай өте маңызды болады деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, одақтастар Талибанға тойтарыс бере алатынын көрсетуге, але ауған үкіметі өзінің үлкен рөл атқара алатынын байқатуға тиіс.

Гордон Браун соғыс қимылдары өтіп жатқан ауданға қосымша 500 жауынгерлік ағылшын әскерін аттандырса, АҚШ – 30 мыңнан астам қосымша әскерін жіберуге әзірленуде.
XS
SM
MD
LG