Accessibility links

Дания полициясы шерушілердің көбін босатты


Жексенбі күні Дания полициясы сенбідегі Копенгагенде болып өткен жаппай наразылық шеруі бапрысында ұсталған жүздеген белсендіні босатқанын хабарлады.

Ғаламдық ауа райының құбылуы проблемасы бойынша БҰҰ-ының конференциясы өтіп жатқан Копенгагенде сенбі күні жер шарындағы ауа райына қатысты қатаң келісім қабылдауды талап еткен бейбіт шеру болып, оған 40 мыңдай адам қатысты.

Полицияның айтуынша, шеру кезінде ұсталған 968 адамның 13 ғана әлі босатылған жоқ. Полиция оларды шерудің соңында қалып Копенгагеннің орталығындағы дүкендердің терезелерін қиратып, автокөліктерді төңкере бастаған кезінде ұстады.
XS
SM
MD
LG