Accessibility links

Дамып жатқан елдер Даниядағы келіссөздерге тосқауыл қоюда


Копенгагендегі ауа-райының өзгеруіне қатысты конференцияда дамып жатқан елдер жұмыс топтарына қатысудан бас тартты. Олар бай мемлекеттерден әуені ластайтын зиянды заттарды шығаруын қысқарту жөніндегі уәделерін арттыруын талап етуде. Бұл мәселе шешілмейінше, саммиттің жұмыс топтарына қатыспаймыз дейді дамып жатқан елдер. Дания астанасындағы келіссөздер өткен дүйсенбіде басталған болатын.

Жиында алдағы онжылдықта орташа ғаламдық температураның өсу мүмкіндігін тоқтату үшін стратегия жасалады деген үміт айтылды. Копенгагендегі конференцияның соңғы күніне 120-ға жуық елдің жетекшілері мен үкімет басшылары қатысады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG