Accessibility links

ЕО және АҚШ Абхазиядағы сайлауды мойындамайтындықтарын мәлімдеді


Еуропалық Одақ және АҚШ Абхазияда өткен президенттік сайлауды мойындаудан бас тартты.

ЕуроОдаққа төрағалық етуші Швеция дайындаған мәлімдемеде еуропалық қауымдастыққа мүше 27 мемлекеттің барлығы да Грузияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайды деп атап көрсетілген.

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де дүйсенбі күні осыған мазмұндас мәлімдеме таратты.

Абхазияда сенбі күні өткен сайлауда республиканың қазіргі басшысы Сергей Багапш жеңіске жетті. Ресми мәлімет бойынша, ол сайлаушылардың 60 пайыздан астам дауысын жинаған.
XS
SM
MD
LG