Accessibility links

Қытай ғаламдық жылыну келіссөзі тығырықта деді


Бүгін Қытай дамыған елдерді климаттың жылынуына қарсы күрес міндеттемелерін орындамай отыр деп айыптады. Сонымен қатар, БҰҰ-ның Копенгагендегі келіссөздері күрделі жағдайда қалды деп ескертті.

Бұл мәлімдемені Бейжіңде Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі айтты.

Осыдан бір күн бұрын Копенгагендегі жиында дамушы елдердің газ эмиссиясын дәулетті елдер көбірек азайту керек деген талабынан кейін, келіссөздер тоқтап қалған.

Бұл ғаламдық жылынудың алдын алуға арналған халықаралық конференцияның жұмысы жұма күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG