Accessibility links

Обама сәуір айында Назарбаевты Вашингтонда күтеді


Құрама Штаттар президенті Барак Обама 2010 жылдың сәуірінде Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздікке арналған ғаламдық саммитке Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келгенін қалайды.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша орынбасары Роберт Блейк Астандағы сапары кезінде Қазақстанның сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуде айтқан.

АҚШ өкілі сонымен қатар 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалықты алатын Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты күшейту керектігін айтты.

Блейк сейсенбі күні Астанда премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастығын дамытуды талқылады.
XS
SM
MD
LG