Accessibility links

НАТО басшысы Ресей жетекшілерімен кездеседі


Бүгін НАТО бас хатшысы генерал Андерс Фог Расмуссен Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведев пен премьер-министр Владимир Путинмен келіссөздер өткізбекші.

Расмуссен бұл кездесулерде Ресейдің Ауғанстанға көбірек көмегін алуға тырысады. Оның ішінде жабдықтар мен ауған күштерін жаттығудан өткізу жағдайларына Мәскеудің қолдауын алмақ.

НАТО басшысының айтуынша, қазірдің өзінде Ресей әскери күштерге қажетті жабдықтарды ұсынған.

Сәрсенбі күнгі келіссөздер Ресейдің еуропалық қауіпсіздік құрылымын қайта дұрыстау ұсынысы мен зымыран қорғанысы жоспарлары бойынша өтеді деп күтілген.
XS
SM
MD
LG