Accessibility links

Қырғызстанда ресейлік журналист соққыға жығылды


Ресейлік BaltInfo ақпарат агенттігінің тілшісін біреулер Бішкекте ұрып кеткен.

Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлағандай, Александр Ефграфов өзін полиция киімін киген екі адам нөмірі жоқ көлікке күшпен отырғызып, тексеруге тырысқанын айтты.

Оларға қарсылық танытқан журналист соққыға жығылған. Және олар Евграфовқа Қырғызстан туралы жаман нәрсе жазушы болма деп ескерткен.
XS
SM
MD
LG