Бүгін Түркменстан парламентінде президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың өмірі туралы кітаптың таныстырылымы болды.
Азаттықтың түркмен қызметі хабарлағандай, “Атаны арманына жеткізген немере” деп аталған кітапты Ташмаммет Журдеков жазған.
Ол кітапты Бердімұхамедовтың өмір жолы мен жетістіктеріне арнаған.
Кітаптың тұсау кесер рәсіміне депутаттармен қатар, қоғамдық ұйым өкілдері, академиктер мен журналистер, мұғалімдер және студенттер қатысқан.
Мемлекеттік ақпарат құралдары бұл кітапты “Түркменстанның саяси, әлеуметтік және мәдени өміріндегі елеулі оқиға” деп атады.
Түркмен ресмилері жаңа кітап Бердімұхамедовтың жасаған істері мен елде демократиялық негізді күшейту шараларын айқын көрсетеді деді.
Бердімұхамедов 2006 президент Сапармұрад Ниязов қайтыс болғаннан кейін, ел басшылығына келген.