Accessibility links

Иранның зымыран сынағы Батыстың ашуына тиюде


Иран өзінің дамыған үлгідегі орташа қашықтықтағы зымыран сынағының сәтті өткенін мәлімдеді.

Ресми Теһранның айтуынша, "Сежил-2" зымыраны Парсы шығанағындағы АҚШ базасы мен Израилге жететіндей 2 мың шақырымдық деңгейде.

Ақ үй өкілі бұл сынақ Иранның ядролық бағдарламамыз бейбіт мақсатта дегенін жоққа шығарады деді.

Копенгагенде жүрген Британия премьер-министрі Гордон Браун Иранның сынағы жағдайды алдағы санкцияларға қарай итермелеп отыр деді.

Франция болса, зымыран сынағы өте жаман белгі береді және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылықты күшейтеді десе, Германия Иранның сынағы дабыл қағатындай деді.

Батыс елдері Иран ядролық қару жасауға тырысуда деп қауіптенеді, Иран оны жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG