Accessibility links

Йемен әл-Қаиданың 34 жауынгерін өлтіргенін айтуда


Бүгін Йеменнің Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, елдің қауіпсіздік күштері бірқатар бомба шабуылын жасамақ болған әл-Қаиданың 34 жауынгерін өлтіріп, 17-сін тұтқындаған.

Йемендік ақпарат көздерінің Рейтерс агенттігіне хабарлауынша, шабуылды ұйымдастырушылар Йемендегі жергілікті мектептер мен шетелдік мекемелерді жаруды мақсат еткен.

Қауіпсіздік күштерінің операциялары ел астанасы мен оңтүстік аймақтағы қалаларда өтті.

Йемен әл-Қаида содырларымен қатар елдің оңтүстігінде бүліктер жасап жүрген шиит көтерілісшілерімен де күресіп келеді.
XS
SM
MD
LG