Accessibility links

Румыния президенті үкімет басына одақтасы Эмиль Бокты ұсынды


Румыния президенті Трайан Басеску өзінің оңшыл одақтасы, қазірде премьер-министр қызметін атқарушы Эмиль Бокты жаңадан үкімет басшысы қызметіне ұсынды.

Басеску қолдауындағы Румынияның Бок бастаған үкіметіне парламент сенімсіздік танытып, қазан айында таратқан болатын. Бірақ ол үкіметте жауапты адам ретінде қалған.

Басеску осы айдың басындағы президенттік сайлауда екінші мерзімге сайланған.

Румынияда президент үкіметті жасақтайтын премьер-министрі ұсынып, оны кейін парламент мақұлдауы керек болады.
XS
SM
MD
LG