Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Ресей мен Құрама Штаттар президенттері Копенгагендегі кездесулерінде ядролық қаруды азайту жөніндегі жаңа келісімге қол қоюы неғайбыл.
Бұл туралы Мәскеудегі баспасөз мәслихатында айтқан министрдің сөзіне қарағанда, бұл келісімнің әлі де техникалық жұмыстары көп болып отыр.
АҚШ ресмилері де осы аптада келісімге қол қою шарасы жоспарланбағанын айтты. 1991 жылғы стратегиялық қаруларды азайту жөніндегі келісімнің мерзімі 5-ші желтоқсанда аяқталған.
Оның орнын басатын жаңа келісімді жақын күндері жасауға АҚШ-тың мәмілегерлері күш салмай отыр деді Лавров.
Медведев пен Барак Обама жұма күні Копенгагенде кездеседі. Олар ауа-райының жылынуына қатысты келіссөздерге қатысады.