Accessibility links

Еуро парламент Әзірбайжандағы БАҚ-тың шектелуін сынады


Еуропа парламенті Әзірбайжандағы нашарлай түскен баспасөз еркіндігінің ахуалын сынаған қарар қабылдады.

Бүгінгі дауыс берулер парламентте Әзірбайжандағы сөз еркіндігі туралы талқылаулардан кейін болды.

Қарарды қабылдаушылар оппозициялық журналистердің қамалуын сынға алып, Әзірбайжан билігін оларды тезарада босатуға шақырды.

Сонымен қатар еуро парламент қарары өткен айда түрмеге жабылған екі бірдей блоггер Емин Милли мен Аднан Хасизадені түрмеден шығаруға шақырып, олардың ісінің саяси астары бар деді.

Сондай-ақ Әзірбайжан билігін Азаттық радиосы мен BBC радиоларына FM жиілігін қайтаруға шақырды.
XS
SM
MD
LG