Accessibility links

Пәкістан қорғаныс министріне елден шығуға шек қойылды


Пәкістан қорғаныс министріне жемқорлық айыптарына байланысты Жоғарғы соттың шешімінен кейін елден шығуға тыйым салынды.

Ахмед Мұхтар теледидар арқылы бейсенбі күні мәлімдегенінде, Қытайға ресми сапармен бару үшін өзінің ұшаққа отыруына билік кедергі жасады деді. Оны сыбайлас жемқорлық айыптарымен елден шығармай қойған.

Сәрсенбі күні елдің Жоғарғы соты 2007 жылғы 270-тей жоғары лауазымды өкіл мен басқа мыңдаған ресмиді қорғайтын рахымшылық қаулысын заңсыз деп тауып, олардың ісін тергеуді ашқан болатын.

Пәкістандағы саяси дағдарыс барысында Рейтерс агенттігі президент Асиф Али Зардари өкілінің төңкеріс туралы алып-қашпа сөздерді жоққа шығарып, елде ешқандай төңкеріс болмайды дегенін беріп жатыр.
XS
SM
MD
LG