Accessibility links

АҚШ Ауғанстан бойынша $23 млрд. жұмсаса, оның 1 млрд. босқа кеткен


АҚШ сенаторының айтуынша, Құрама Штаттар 2002 жылдан бері Ауғанстанды қайта-құру мен дамыту келісім-шарттарына 23 млрд. доллардан аса қаржы жұмсады. Ал оның 1 млрд. доллардан астамы далаға кетті деп айтты сенатор Клэр МакКаскил.

Президент Барак Обаманың Демократиялық партиясының мүшесі, Сенаттағы келісім-шарттарды қарайтын бөлімнің басшысы Клэр МакКаскил АҚШ-тың ақшасы Ауғанстандағы жол жөндеуден бастап, ауылшаруашылық саласына дейінгі жобаларға кетті деді.

Оның дайындаған хатында, есепшілер 5,9 млрд. доллар қаражаттың әскери күштерді қолдау жобаларына кеткенін анықтап, 1 млрд. доллар ақшаның мақсатсыз жұмсалғанын көрсетті делінген.

Сенатор Клэр МакКаскилдің айтуынша, Ауғанстанда АҚШ үкіметімен келісім-шарт бойынша жұмыс жасап жатқан 100 мың адам бар, олардың көбісі ауғандықтар болып отыр. Ол АҚШ-тың Ауғанстанға 30 мың жасақ жіберу жоспарынан кейін тағы көбейе түсуі мүмкін деді.
XS
SM
MD
LG