Accessibility links

Пәкістанда жанкештілік шабуылдан 10-нан аса адам құрбан болды


Бүгін Пәкістанның солтүстік-шығысында мешітке жақын жердегі полицияға қарсы бір жанпидашы өзін жарып жібергенде, кемінде 10 адам қаза тапты.

Бұл талибан жауынгерлерінің Пәкістан үкіметіне қарсы соңғы шабуылдарының бірі болып отыр.

Бұл аймақтың полиция басшысының айтуынша, жарылыс жұма намазынан кейін полиция қызметкерлері мешіттен шығып бара жатқанда болған. Дәрігерлердің хабарлауынша, тағы 28 адам жарақатпен ауруханаға түскен.
XS
SM
MD
LG