Accessibility links

Копенгаген саммитінің қорытындысына бірқатар экологтар наразылық танытты


БҰҰ-ның Дания астанасындағы ғаламдық жылынуға арналған конференциясында мақұлданған климаттың өзгеруіне қарсы күрес келісіміне бірқатар экологиялық ұйымдар мен бірнеше дамушы елдер қарсылық танытты.

Қабылданған құжатқа қарсы шыққан Венесуэла, Боливия, Куба және Тынық мұхитындағы кішкентай мемлекеттің өкілдері мұхиттың суы көтерілсе, оның салдары қиын болады деп қауіптенеді.

АҚШ президенті Барак Обама ол келісімді үлкен серпін деп атай келе, бірақ бұл алғашқы қадам деді.

Құрама Штаттар, Қытай және Еуропа Одағының жетекшілері мақұлдаған келісім заңды міндеттеме болып табылмайды.

Ақпан айына дейін барлық елдер ауаға зиянды газдарды шығаруды азайту жөніндегі өз міндеттемелерімен таныстырады.

2010 жылғы дейін дәулетті елдер дамушы елдерге ауа-райының өзгеруіне қарсы күреске 10 млд доллар бөлуі тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG