Accessibility links

Ауғанстан президенті жаңа үкіметтің құрамын ұсынды


Бүгін Ауғанстан президенті Хамид Карзай жаңа үкіметтің құрамын парламентке ұсынды. Енді ел парламенті оларға дауыс беріп, мақұлдауы тиіс.

Хабарларға қарағанда, Карзай ұсынған кандидатуралардың ішінде, Батыстың бұл елдегі жемқорлықпен күрес үшін үкіметте болуы керек деген талабы бойынша бірқатар технократтар бар.

Ауғанстан президенті тамыздың 20-да өткен даулы президенттік сайлаудан кейін қайта билікке келген еді.
XS
SM
MD
LG