Accessibility links

Алматыда ТМД-ның бейресми саммиті өтуде


Бүгін Алматыда ТМД елдерінің екікүндік бейресми саммиті басталды.

Оған Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Армения президенттері қатысуда.

Ресей президенті Дмитрий Медведев Алматыға Копенгаген конференциясынан ұшып барды.

Бейресми жиында ТМД елдерінің бірқатар жетекшілері аймақтағы экономикалық, гуманитарлық және саяси қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығына қатысты өзара пікір алмасады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар бейресми саммит аясында Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Бірыңғай кедендік одақ мәселесі бойынша кездесу өткізеді.

Бұл жолғы басқосуда ТМД президенттеріне Алматы маңындағы Ақбұлақ таулы кешенінде үлкен бағдарлама ұсынылады.
XS
SM
MD
LG