Accessibility links

Ауғанстанда АҚШ пен Британияның сарбазы мерт болды


Бүгін Ауғанстанда бір американдық, бір британдық әскер қаза тапты. Британия Қорғаныс министрлігі сенбі күні таңертең өз сарбазының Хельманд провинциясындағы жарылыстан мерт болғанын айтты.

НАТО әскерилері жұма күні Ауғанстанның оңтүстігінде бомба шабуылынан бір американ сарбазы қаза болды деп отыр.

АҚШ президенті Барак Обама Ауғанстанға 30 мың жасақ жіберуге нұсқау берсе, НАТО елдері бұл елге 7 мың әскер жолдайтын болды.

Ауған жеріндегі талибан бүлікшілерімен күресу үшін 100 мыңнан аса шетелдік күш тартылған.
XS
SM
MD
LG