Accessibility links

Ливан премьері Сирияға тарихи сапармен барады


Бүгін Ливан үкімет басшысы Саад әл-Харири алғашқы ресми сапарымен Дамаскіге бармақшы. Ол Сирия президенті Башар әл Асадпен келіссөздер өткізеді.

Хариридің Сирияға сапары Дамаск пен оның саяси одақтастары арасындағы 5 жылға жақындаған жаулықты тоқтатуы мүмкін.

Тараптар Ливанның тұрақтылығына кепілдік беретіндей өз үкіметтерінің ынтымақтастығын күшейтуге келіседі.

Әкесі сияқты үкімет басшылығына келген Хариридің “Наурыздың 14-і” деген одағы Сирияны 2005 жылы ақпанда сол кездегі премьер-министр Рафик Харириді өлтірді деп айыптайды. Сирия ол айтылғандарды жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG