Accessibility links

Иран түрмесіне түскен 3 шеруші соққыдан өлген


Бүгін Иранның сот жүйесі елдегі даулы президенттік сайлаудан кейін ұсталған шерушілердің кемінде үшеуі абақты күзетшілерінің соққысынан қаза тапқанын мойындаған мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде айтылғандай, Теһранның оңтүстігінде орналасқан Каризак қамау орталығындағы 12 ресми адамға қарсы іс қозғалып отыр.
Олардың үшеуіне кісі өліміне қатысты айыптар тағылды.

Иран оппозициясының айтуынша, маусым айындағы даулы президенттік сайлаудан кейінгі наразылық шараларында кемінде 72 адам қаза тапты. Иран билігі болса, 30 адам ғана құрбан болды деп отыр.
XS
SM
MD
LG