Accessibility links

Грузияда совет ескерткішін бұзу кезінде 2 адам құрбан болды


Бүгін Грузияда жұмысшылар жаңа парламент ғимаратына жол ашу үшін совет соғысына арналған ескерткішті жарып қиратқанда, бір әйел баласымен қаза тапты.

Грузиялық ақпарат құралдарының жазуынша, Кутаиси қаласындағы жарылыс жұмыстарынан тағы бірнеше адам жараланды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған биіктігі 46 метр болатын қоладан жасалған монументті бұзу жұмыстары осы аптада басталған.

Ресей Грузияның ескерткішті бұзуын Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Совет армиясымен қаза тапқан мыңдаған грузиялықтардың рухын сыйламау әрекеті деп айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG