Accessibility links

Бакиев: Аймақта қауіпсіздік мәселесі еуразиялық болып қаралуы тиіс


Алматы маңында өтіп жатқан ТМД елдері жетекшілерінің бейресми саммитінде Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Қазақстанның 2010 жылы Астанада ЕҚЫҰ саммитіне жинау ұсынысына қолдау танытты.

ЕҚЫҰ-ның төрағалығына Қазақстанды ТМД елдері ұсынды деген, Бакиев халықаралық ұйымға Астананың төрағалығы кезінде қауіпсіздік мәселесінің Орта Азияда ғана емес, ғаламдық деңгейде шешілгенін күтеміз деді.

Және Қырғызстан президенті қауіпсіздік мәселесінің Еуропа немесе Азияда деп бөлініп қаралғаны дұрыс емес дей келе, оның Еуразиялық құрлықта кешенді түрде қаралғаны дұрыс деді.

Осыдан барып Бакиев өз әріптестеріне бүгінгі бейресми саммит қарап жатқан мәселелер ресми саммиттен де маңызды екеніне тоқталды.
XS
SM
MD
LG