Accessibility links

Қытай Копенгаген келісімін оң қабылдады


Қытай Копенгагенде өткен ауа райының өзгеруіне қатысты конференцияның қортындысын оң қабылдайды деген елдің сыртқы істер министрі жоғары деңгейдегі кездесудің нәтижелері оң бағытта болды деді.

Осыған дейін де БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Копенгаген жиынында қабылданған келісімді, маңызды бастапқы қадам деп атап, дегенмен әлемдік қауымдастық бұдан көбірекке үміт артқан еді деп айтты.

Ол келісім ғаламдық жылынуға қарсы күресте нақты шараларды қолға алуды қарастырады.

Оның ішінде, 2020 жылға дейін дамушы елдерге климаттың өзгеруіне қарсы күресі үшін 100 млд долларға дейін қаржы бөлу мәселесі бар.

Ол құжатты АҚШ, Қытай, Үндістан, Барзилия және Оңтүстік Африкалық елдер дайындады.
XS
SM
MD
LG