Accessibility links

6-шы қабаттан құлаған қырғызстандық журналисті біреулер өлтірмек болған


Алматыдағы ауруханада комада жатқан қырғызстандық журналист Геннадий Павлюкке қатысты жаңа мәліметтер шығып отыр.

Алматы қаласының ішкі істер департаменті ҚазТАГ агенттігіне хабарлағандай, Фурманов көшесіндегі бір үйдің 6-шы қабатынан құлаған журналист Павлюктің аяқ-қолы скочтпен байланған.

Ол құлаған үй жалға алынған болып шықты. Қазақстан қонақ үйіне тоқтаған қырғызстандық Павлюкті біреулер тұрғын үйге шақырған немесе мәжбүрлеп әкелген болуы мүмкін.

Журналист құлаған көпқабатты үйдің ішін тінду кезінде бір орам скотч пен Павлюктің Қазақстан қонақүйіндегі нөмірінің кілті және қол компьютері табылды.

Қазақстандық құқық қорғау органдары журналистің өміріне қастандық жасалған болуы мүмкін дейді.

Сол себепті қазірде аураухананың жансақтау бөлімінде жатқан журналист Павлюктің палатасына арнайы күзет қойылған. Дәрігерлер миына зақым келіп, бірнеше қабырғасы сынған оның жағдайы өте нашар деп отыр.

Қырғызстанда өте танымал журналист Геннадий Павлюк Өмірбек Текебаев жетекшілік ететін оппозициялық партияның “Ата-Мекен” медиа жобасын жүзеге асырмақшы болып жүрген.
XS
SM
MD
LG